Тараз қаласы, Сүлеймен көшесі, 6А
 
tgtl.2000@mail.ru
 
8 (7262) 45-42-99
 
+7-701-277-19-35

"Тараз гуманитарлық-техникалық лицейі" мекемесі

1 „А“ сыныбында Әліппемен қоштасу мерекесі

1 «А» сыныбында Әліппемен қоштасу атты салтанатты әрі қуанышты мереке өтті. Бұл шара бірінші сынып оқушылары үшін ерекше маңызға ие болды, өйткені Әліппе арқылы олар оқу мен білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. Оқушылар түрлі сайыстарға белсене қатысып, өлеңдер оқып, ән айтып, оқу барысында алған білімдерін көрсетті.

Шараның құрметті қонақтары — мектеп директоры Жүнісбекова Рымкүл Уқашайқызы, сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Жүнісбеков Сағат Сұлтанұлы — М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің құрылтайшысы болды. Қонақтардың қатысуы мерекенің мазмұнын байытып, мәнін арттырды.

Сынып жетекшісі - Тургымбаева Н.С.