"Тәуелсіздік — басты құндылығымыз " тәрбие сағаты
2 «А» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік сағат өткізілді. Шараның мақсаты — оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, туған елге деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне құрметті қалыптастыру.
Тәрбиелік сағат барысында оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы мағлұмат алып, өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беріп, Отан туралы өз ойларын ортаға салды. Сабақ танымдық әрі жылы атмосферада өтіп, балалардың азаматтық жауапкершілігі мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал етті.
Сынып жетекшісі — Ташкулова С. С.

16 «Желтоқсан» 2025
8