Тараз қаласы, Сүлеймен көшесі, 6А
 
tgtl.2000@mail.ru
 
8 (7262) 45-42-99
 
+7-701-277-19-35

"Тараз гуманитарлық-техникалық лицейі" мекемесі

2023 жылдың 22 желтоқсанында бастауыш сынып оқушылары арасында «Рахмет саған, Әліппе!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мақсаты – оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, шығармашылықтарын шыңдау, сөз байлығын көрсету, адамгершілікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып безендіріліп, тақырыпқа арналған плакаттар, өлең-жырлар мен суреттер қойылды. 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасып, өнерлерін көрсетіп, өлең айтып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге жаңа оқулық – «Ана тілі» таныстырылды. Оқушылар ұстаздарына алғыс білдіріп, математикадан да білімдерін көрсетті.

Бұл мереке – бүлдіршіндердің алғашқы үлкен қадамы, білімге бастайтын алғашқы жолы болды.