Жаңалықтар
Дорогие учителя! Спасибо вам за доброту, терпение и заботу.
2025 жылдың 30 қыркүйегінде 3 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
2025 жылдың 25 қыркүйегінде 2 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
2 «Б» сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесін түсіндіру, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Білім күнімен!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – жаңа үміт пен бастамалардың бастауы.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге шабыт, ал жоғары сынып оқушыларына табандылық пен жетістік тілейміз. Білім мен тәрбие – өмірдің ең қымбат байлығы!
Директордың құттықтауы
Қымбатты оқушылар мен әріптестер! Жаңа оқу жылы сәтті, қуанышты және шабытқа толы болсын. Мектебіміз – үлкен отбасы, әрқайсыңыздың еңбегіңіз қымбат.
Ізгі тілекпен, директор
Жүнісбекова Рымкүл Ұқашайқызы

Тараз гуманитарлық-техникалық лицейінде бастауыш сыныппен қоштасу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бастауыштағы жетістіктерін атап өту, ұстаздарына алғыс білдіру және орта буынға қадам басқан сәтін есте қалдыру. Кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өлеңдер оқыды. Сынып жетекшілеріне, ата-аналарға алғыс сөздер айтылып, естелік сәттермен бөлісті. Бұл мереке оқушылардың мектеп өміріндегі маңызды кезеңдерінің бірі болып, баршаға қуаныш пен әсерлі сәттер сыйлады.

01 Қазан 2025