Познавательный классный час «Книга – вестник мира»
Познавательный классный час «Книга – вестник мира»

Лицейімізде Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – әлемнің жаршысы» тақырыбында танымдық сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, еңбексүйгіш ұрпақты тәрбиелеу, сондай-ақ кітапты сүйіп, қадірлеуге баулу болды. Сынып сағаты 3 пен 4 сыныптар арасында өткізіліп, оны сынып жетекшілері Темирова Г.О. және Қуатова Р.М. ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар кітапханаға жиі барып, белсенді оқырман екендіктерін көрсетті. Кітапханашы Халида апай оқушыларға арнайы тапсырмалар беріп, сұрақ-жауап кезеңінде білімдерін тексерді. Сонымен қатар «Науқас кітап» атты көрініс қойылып, кітап туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдер айтылды. Қорытындысында оқушылар кітапты құрметтеп, ұқыпты ұстауға ант берді.