.jpeg)
3 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті
2025 жылдың 30 қыркүйегінде 3 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты сынып жетекшісі Шарафуллина Халида Ильясовна өткізді. Кездесуде оқушылардың үлгерімі мен тәртібі, оқу процесіндегі жетістіктер мен алдағы жоспарлар талқыланды. Ата-аналармен тиімді байланыс орнатылып, балалардың білім алуына қолдау көрсету және мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жиналыс жылы әрі мазмұнды өтті, ата-аналар белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.