Рәміздерді насихаттау және құрметтеу бағытында атқарылған жұмыстар
Рәміздерді насихаттау және құрметтеу бағытында атқарылған жұмыстар

Қаңтар айындағы мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес, 13–17 қараша аралығында Рәміздерді насихаттау және құрметтеу бағытында бақылау жұмыстары жүргізілді. Арнайы комиссия құрамына Көкүмбаева Б.А. және Темирова Г.О. енді. Іс-шаралардың мақсаты – оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттыққа, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу болды. Осы мақсатқа сәйкес түрлі жұмыстар атқарылды. 3–4 сыныптарда «Мәңгілік ел – Қазақстан!», «Отан үшін отқа түс, күймейсің!», «Ата заңым асқақты» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. 1–2 сыныптар арасында «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнмен айбатты» атты шаралар ұйымдастырылды. Барлық бастауыш сыныптарда «Рәмізім – мақтанышым» сынып сағаттары өтіп, оқушылар видеолар көріп, әндер шырқады. Сонымен қатар, мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, үздіктер анықталды. 3 «А» сыныбынан Есалы Әбумансұр, Чолог оглы Эвлина, Сері