
Бастауышпен қоштасу кеші
Тараз гуманитарлық-техникалық лицейінде бастауыш сыныппен қоштасу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бастауыштағы жетістіктерін атап өту, ұстаздарына алғыс білдіру және орта буынға қадам басқан сәтін есте қалдыру. Кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өлеңдер оқыды. Сынып жетекшілеріне, ата-аналарға алғыс сөздер айтылып, естелік сәттермен бөлісті. Бұл мереке оқушылардың мектеп өміріндегі маңызды кезеңдерінің бірі болып, баршаға қуаныш пен әсерлі сәттер сыйлады.