7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

1 «А» сыныбында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Отан қорғаушылар мерекесінің маңызын түсіндіру, елін сүйетін, патриоттық рухы жоғары тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу. Оқушылар Отан, ерлік пен батырлық туралы өлеңдер оқып, тақпақтар айтты. Әндер шырқалып, қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Балалардың мерекеге белсене қатысуы олардың отансүйгіштік сезімін арттыра түсті.