
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
2 «Б» сыныбында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада оқушылар достық, ынтымақ, бірлік туралы тақпақтар оқып, әндер орындады. Мереке оқушылардың бойында патриоттық сезімді, өз еліне деген мақтаныш пен татулыққа құрметті арттырды.