.jpeg)
Менің Отаным – Қазақстан
2 «Б» сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесін түсіндіру, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Оқушылар Отан, туған жер туралы тақпақтар оқып, әңгімелер айтып, әндер орындады. Балалар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, елін құрметтеудің маңызын түсінді.