
2 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті
2025 жылдың 25 қыркүйегінде 2 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты сынып жетекшісі Ташқұлова Сәгира Серікбайқызы өткізді. Кездесу барысында оқушылардың оқу жетістіктері, тәртіп ережелері және алдағы оқу жылының мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Ата-аналармен тиімді байланыс орнатылып, балалардың білім алуына және тәрбиесіне бірлесе қолдау көрсету жолдары қарастырылды. Жиналыс жылы, достық атмосферада өтті, ата-аналар белсенділік танытты.